01 қаң, 2020 сағат 16:10

Президент белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Серікболсын Əбділдəұлы - елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға.

Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта, иманы саламат болсын!»- деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.