09 сәу, 2021 сағат 10:25

Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болған Нұрлан Сауранбаев лауазымынан босатылған еді. 

Кейінірек Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» басшысы қызметіне тағайындалды.