08 қаз, 2025 сағат 16:01

Питер Фостер «Эйр Астана» компаниясы басшысы қызметінен кетеді

Фото: Көлік министрлігі баспасөз қызметі

«Эйр Астана» АҚ («Компания», және еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге «Топ») Директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында Бас атқарушы директор және Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін хабарлайды. Мырза Фостер Компаниямен байланысын сақтап, Директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде Бас атқарушы директор қызметіне тағайындалатын болады. 

«Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов: 

"Директорлар кеңесі Питер Фостерге Компанияны 20 жыл бойы басқарудағы ерен еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді ол Компанияны құрылған кезеңінен бастап бүгінгі таңда Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына және әлемдік авиация саласында мойындалған брендке дейін жеткізді.
Директорлар кеңесі Ибрахим Жанлыелдің Бас атқарушы директор қызметіне тағайындалуын құптайды. Мырза Жанлыел 2003 жылдан бері Air Astana тобының құрамында жұмыс істеп келеді: бастапқыда коммерциялық бағыттағы басшылық қызметтерді атқарып, 2017 жылдан бері қаржы жөніндегі атқарушы директоры лауазымын иеленіп келеді. Оның Компанияның дамуына қосқан үлесі зор, әрі ол Топтың қызметі мен жалпы авиация саласы бойынша мол тәжірибеге ие.
Директорлар кеңесі оның басшылығымен Компанияның өсуі мен жаңа жетістіктерге жететініне толық сенімді", - делінген хабарламада.