Оқыту өзге тілде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жеке оқыту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап өтуінше, Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері съезінің қорытындысында бірқатар іс-шара жүзеге асырылды.
«Ең біріншісі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды. Ол жұмысын қаңтар айынан бастады. Екіншіден, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру қолға алынды. Бүгінгі күні үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіруге қатысты жұмыс тобы құрылып, министрдің бұйрығымен бекітілуге берілді. Үшіншіден, оқыту өзге тілде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жеке оқыту мәселесін қарастыру үшін кәсіби сарапшылар тобы құрылып, қазір талқылауға дайындалып жатыр» - деді ол Білім министрлігінің аппарат жиналысында.
Сонымен қатар ол съезд қарарында көрсетілген мәселелерді іске асыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы осы жылы іске асырылатын болады.