10 жел, 2020 сағат 15:47

ОСК халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 22 қазанда сайлауды халықаралық бақылау институты ашылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 62 байқаушыны аккредиттеді», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, аккредиттеуге ұсыныстардың түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер кезең-кезеңімен жаңартылып отырады

10 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына СІМ-нен аккредиттеуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссиясынан 24 ұзақ мерзімді бақылаушының кандидатуралары ұсынылған.

Осыған байланысты Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу жөнінде қаулы қабылдады.