
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясының байқаушыларымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" election.gov.kz сілтеме жасап.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшелері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясымен кездесті.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев жақында Нұр-Сұлтан қаласына келген ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясының мүшелерін қарсы алды.

ОСК Төрағасы миссия мүшелерін сайлаудың жарияланғанынан бастап дауыс беру күніне дейінгі науқанның негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.
Миссияның басшысы, Елші Ярослав Марчин Домански қазақстандық тарапқа қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, миссияның негізгі тобының мүшелерімен таныстырды.
Тараптар бүкіл сайлау кезеңінде белсенді өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.
Кездесу соңында тараптар дәстүрлі түрде қалыптасқан ынтымақтастық пен ізгі ниет қатынастары 2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде өз дамуын табатынына сенім білдірді.



