04 қаз, 2019 сағат 06:58

Ольга Рыпакова әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен аса алмады

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Ольга Рыпакова жарысты аяқтады, - деп жазады Olympic.kz.

Рыпакова үш қарғып секіруден сынға түскен болатын. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы биылғы додада 14.09 метрге секіріп, финалға өте алмады.

Қорытынды есепте Рыпакова небары 13-ші орын иеленген.