30 там, 2019 сағат 09:50

Мұнай бағасы 60 доллардан асты

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,57 долларға қымбаттап, баррелі 61 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,93 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,71 доллар болды.