25 қаң, 2021 сағат 18:10

Мұхтар Тілеуберді Түркия Елшісімен екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджиді қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасып, COVID-19 инфекциясымен күрестегі табысты өзара іс-қимылды қанағаттанушылықпен атап өтті. 

Тараптар көпжақты форматтағы серіктестіктің өзекті мәселелерін және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.