Ақтөбедегі «қанды жексенбіден» кейін «салафизмге заңмен тиым салыну керек» деген мәселе күн тәртібінде тұр. Әсілі, бұл мәселе осыдан бес жыл бұрынғы терактілер жиілеп кеткен кезде де қызу талқыланған еді. Сол кезде «аузы уәлі» салафи теологтар: «ЕГЕР, САЛАФИЗМГЕ ТИЫМ САЛСАҚ, ЖАРЫЛЫСТАР КӨБЕЙІП КЕТЕДІ» деп билік басындағыларға қоқан-лоққы жасаған болатын.
Кешегі Алматыдағы қан кешу нені білдіреді? Маған салафилер тағыда: «Бізге заңмен тиым салсаң, осындай қанды қасаптар жиі орын алып, қоғам тыныштығы бұзылады» деп билікке ескерту жасап жатқан сияқты көрінді.
Әлбетте, салафиліктің басындағы ақылгөйлер мұндай қанды қасапты жасауға өздері өлдім бармайды. «Қазақта еркек қалмаған» деп қойып өңгелерді арандатып бағады. Көбінесе адам өлтіруден шіміркпейтін жүректі адамдарды таңдап алады. Кешегі террорист Руслан Куликбаев осындай ойынның құрбаны. Құзырлы орындар мәселені толыққанды шешу үшін тапсырманы орындағандармен бірге осы ойынның шартын жасаған салафизм технологтарын жоюы керек.