12 қар, 2016 сағат 13:01

Монеталар әліппесі

1995 жылы нарыққа шыққан бойда қазақстандық монеталар бүкіл әлем нумизматтарының үлкен қызығушылығын тудырды. Орындау сапасының жоғары болғаны және керемет дизайны үшін бірқатар беделді халықаралық наградаларды жеңіп алған отандық монеталар көбіне шетелдік коллекционерлердің коллекцияларында өз орнын тапты. Соңғы жылдары монеталарды коллекциялауға Қазақстанда да әуестік танытуда. Енді бастап келе жатқан қазақстандық коллекционерлерде монеталарды коллекциялау саласында көптеген сұрақтар туындағандықтан, Ұлттық Банкке келіп түсіп жатқан біртектес сұрақтарға  Ұлттық Банктің Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Тоғжан ӘБІШЕВА жауап береді.

– Ұнаған монетаны Ұлт­тық­ Банктің аумақтық филиал­дарының кассаларынан басқа қай жерден сатып алуға болады?

– 2012 жылдан бері Ұлттық Банк сайтында «Ұлттық валюта» бөлімінде монеталардың Интернет-дүкені жұмыс істеуде. Бөлімнің электрондық каталогында монеталардың сипаттамасы, бейнесі және бағасы туралы ақпарат берілген бағалы металдардан жасалған барлық монеталар ұсынылған. Монеталарды «Қазпошта» АҚ-тың EMS курьерлік қызметі «есіктен есікке» жүйесі бойынша жеткізеді. Монеталарды жеткізу мерзімі мен құны сатып алушының тұрғылықты жеріне байланысты және Қазпоштаның тарифтеріне сәйкес автоматты түрде есептеледі. Жеткізу құнына монеталардың жарияланған құнының 1%-ы мөлшеріндегі сақтандыру үшін алынатын сома кіреді.

– Монеталардың сипаттама­сын­да «пруф сапа» деген сөз тір­кесі нені білдіреді?

– Пруфф (proof) – жоғары сапалы монеталар соғудың ерекше технологиясы. Жылтыраған бетімен қатар оның бұлыңғыр бедері ондай монеталардың басты және негізгі ерекшелігі болып табылады. Осы технологиямен соғылған алғашқы монеталар Англияда пайда болған. Қазақстандық монеталардың «жылтыр» proof сапасы әлемдегі ең үздік болып танылғанын атап өтейін, 14 – халықаралық жіктеу бойынша жоғарғы класс.

Proof технологиясы бойынша соғылған монеталарға ерекше ұқып­тылықпен қарау қажет: бір қате жасаған қимыл монетаның нумизматикалық құндылығын
жо­й­ып жіберуі мүмкін. Соның нә­ти­жесінде монетаның кол­лек­­циялық құны көркемдік жә­не эстетикалық тартым­ды­лы­ғы­­ның жоғалуына байланысты қай­та­лама нарықта тө­мендеуі мүм­кін. Осылайша, «proof» сапалы мо­не­таны қырымен ғана және ­арна­йы нумизматикалық мақта қолғаппен ұстаған жөн. Ал капсуланы мүлдем ашпаған жөн, бұл монеталардың коллекциялық құндылығын ұзақ жылдар бойы сақтауға мүмкіндік береді.

Егер монетаны Ұлттық Банк фи­ли­алына қайта өткізуге әкелсе, бұл «кемшіліктердің» клиентке банктің монета құнын төлеуі кезінде еш­бір қатысы болмайды, себебі монетадағы металдың салмағы ескеріледі.

img_1455

img_1129– Қазақстан Ұлттық Банкі монеталардың қандай түрлерін шығарады, олардың барлығы төлем құралы болып табыла ма?

– Ұлттық Банк монеталардың үш түрін шығарады: айналыстағы, коллекциялық және инвестициялық. Олардың барлығы заңды төлем құралы болып табылады және еліміздің бүкіл аумағында бар­лы­қ
төлем түрлері бойынша нақ­­ты құнымен міндетті түрде қабы­л­данады. Ұлттық валютаның барлық монеталары банк шотына есептеу және аудару үшін міндетті, республиканың барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбас­талады.

Айналыстағы монеталар. Біз оларды күнделікті өмірімізде пай­даланамыз, әмиянымызда жү­ре­ді, дүкендердің кассаларында ұсақ­таймыз және т.б. Қазақстанда мұн­дай монеталар 1, 2, 5, 10, 20, 50 жә­не 100 теңгелік номиналмен шы­ғарылады.

Коллекциялық монеталар. Бұл – ұлттық валютаның арнайы со­ғы­л­ған мерейтойлық, ескерткіш және өз­ге монеталары. Оларды дайын­дау кезінде соғудың күрделі технологиялары мен көркемдік безендіру әдістері қолданылады. Бұл оларға коллекциялау үшін ерекше қызығушылық тудыратын арнайы қасиеттер береді.

Инвестициялық монеталар. Олар бағалы металдардан (алтын, кү­міс) дайындалады әрі инвестиция­лау және жинақтау объектісі болып табылады. Металдың құрамы: инвестициялық монеталарда – Au 999.9; коллекциялық алтын монеталарда – Au 999; күміс монеталарда – Ag 925.

–  Инвестициялық монета­лар­дың кірістілігі неге байланысты?

– Инвестициялық монеталардың кі­ріс­тілігі соғылған металдың құнына және салмағына байланыс­ты. Мысалы, 2016 жылғы қаңтар – тамыз аралығында алтынның Лондон биржасындағы (LBMA) құны бір унция үшін 1072 доллардан 1352 долларға дейін, ал күмістің құны бір унция үшін 14 доллардан 20 долларға дейін өсті. Тиісінше, инвестициялық монеталардың да бағасы өсті.

ҚР Ұлттық Банкі инвестициялық монеталардың үш түрін сатады: «Күміс барыс», «Алтын барыс» және «Жібек жолы». Барлық монеталарда бағалы металдың құрамы 99,99%-ды (999,9 сынам) құрайды. Монеталардың салмағы күміс үшін 31,1 – 311 грамды және алтын үшін 3,11 – 155,5 грамды құрайды. Әдетте, бағалы металдың салмағы унциямен өлшенеді, бір унция 31,1 грамға тең.

– Қандай қазақстандық монета ең бірегей монета болып табылады?

– Барлық шығарылған монеталар ди­зайны мен тақырыбы бойынша да, пайдаланылған технологиялары тұрғысынан да бірегей болып табылады.

Мысалы, «Банкноталардағы пор­т­реттер» сериясының монеталары өздеріне шағын мәтіннің енгізілуімен тартымды, ол мәтінді үлкейтіп қана оқуға болады. «Ертеде соғылған монеталар» сериясынан «Деньга» монетасы ертеде соғылған монета түпнұсқасымен бірдей болуымен ерекшеленеді, оны шығару кезінде тесудің күрделі технологиясы қолданылды.

«Ғарыш» сериясының моне­та­лары да бірегей, онда жер бе­тін­­де сирек кездесетін металл – тантал қолданылады. Ұлттық Банк­тің ғарыш саласында және ме­дицинада пайдаланылатын тан­талдан монеталар дайындау жөнін­дегі халықаралық патенті және эксклю­зивті құқығы бар екенін атап өткен жөн және ол осы ғарыш ме­тал­ын алғаш болып пайдаланды. Осы серияның көптеген монета­лары халықаралық наградалар ал­ды. Қазақстан осы технологияны пайдаланған жалғыз ел.

Әрбір коллекциялық моне­та дизайнерлер идеясын іске асы­ру нәтижесі болып табылады, сондықтан да олардың әрқай­сысын бірегей, әрқайсысын шығар­ма­шылық ізденіс пен жоғары технологиялық орындау нәтижесі деп зор сеніммен айта аламыз.