17 қаз, 2025 сағат 15:52

«Миссия орындалды!»: Дариға Бадықова қуанышты жаңалығын айтты

Фото: ашық дереккөз

Дариға Бадықованың продюсерлігімен түсірілген «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиард теңге касса жинады, деп хабарлайды Ult.kz.

 «Ыстық ұямыз» миллиард жинады. “Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”….көөөп шынайы неше түрлі хаттар толастамай күнде келді. 
Ыстық ұя – жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», – деп жазды актриса.


"Ыстық ұя" кинотуындының режиссері – Дархан Кәріпов. Басты рөлдерде: Дариға Бадықова, Олжас Абай, Шамшагүл Меңдиярова, Ержан Түсіпов. 

Фильмнің мол касса жинауына өткен аптада актрисаның бұрынғы күйеуінің өткір мәлімдемелері де әсер етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы да 1 миллиард теңге касса жинаған еді.