02 жел, 2025 сағат 11:35

Метрода қыз үшін тамырын кесіп, платформадан секірген жігітке медициналық көмек көрсетілді


Мәскеу метросында жігіт сүйікті қызына байланысты өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды Ult.kz newsmsk_mo әлеуметтік желі парақшасына сілтеме жасап.

Жас жігіт сүйіктісіне деген шарасыздықтан қолына пышақ алып, өз тамырын кескеннен кейін платформадан секіріп кеткен. Абырой болғанда, поездар қозғалысы дер кезінде тоқтатылды.

Куәгерлер жігітті шығарып алып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.