
2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мемлекет шекарасындағы заңсыз сауда айналымына қарсы кедендік әкімшілендіруді жақсартуды көздейтін Кешенді бағдарлама әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оффшорлық юрисдикцияларға транзакциялар бойынша оффшорлық алымды енгізуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті органмен бірлесіп заңнамаға қажетті түзетулер пысықталуда. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін мемлекет шекарасындағы заңсыз сауда айналымына қарсы кедендік әкімшілендіруді жақсартуды көздейтін Кешенді бағдарлама әзірленетін болады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 100 пайыз электронды кедендік декларациялау жүзеге асырылды», - деді министр.
Сонымен қатар ол «Бірыңғай терезе» және «АСТАНА-1» ақпараттың жүйесі енгізілгенін, Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану басталғанын айтты.
«Қытай Халық Республикасымен тауарлардың экспорттық декларацияларының мәліметтерін онлайн режимде алмасу жүргізілуде. Осыған ұқсас жұмыстар басқа елдермен де жүргізілетін болады. Арнайы займ шеңберінде 9 авто және 1 темір жол өткізу пунктін жаңғырту жоспарлануда.
