17 там, 2021 сағат 14:16

Мемлекет басшысы Сеулдегі «Отан үшін шейіт болғандар» монументіне барды


Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында Сеул қаласындағы «Отан үшін шейіт болғандар» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті боздақтар рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.