24 шіл, 2019 сағат 12:47

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне қоңырау шалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі", - деп жазылған хабарламада.

Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.