Мемлекет басшысының Өкімдерімен Сатыбалды Бұршақов пен Айдын Құлсейітов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;
Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», делінген құжатта.