28 қаң, 2024 сағат 12:44

Мектепте бомба бар деп алдаған балалардың ата-анасы айыппұл төледі

Фото: te-st.org

Семей қаласында жалған хабар таратқан жасөспірімдердің ата-аналары айыппұл арқалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 17 қаңтарда болған.

Полиция террористер туралы хабарламаға байланысты білім мекемесін қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады.

Кейінірек мектептегі террористік акт жайында 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірімнің хабарлағаны белгілі болды. Олар жедел желіге қоңырау шалған.

Сәтсіз әзіл жазаға әкелді. Арнайы қызметтерді себепсіз шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-анасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.