
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжілістің Палата Бюросы ұсынған 1-ші мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге қатысты болып отыр.
Екінші мәселе «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге қатысты.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралмақ.
«Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы да отырыстың күн тәртібіндегі өзекті мәселеелердің бірі болады.
