01 қыр, 2021 сағат 17:09

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұрлыбек Ожаев ант берді


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұрлыбек Ожаев ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның соңында Нұрлыбек Ожаев Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелгенін еске салды. Енді Конституцияға сәйкес Парламент депутаты Қазақстан халқына ант береді. 

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді Нұрлыбек Ожаев.

Жалпы отырысында палата депутаттары Н. Ожаевты Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің құрамына сайлады.