14 мау, 2023 сағат 19:17

Мәжілісте активтерді Қазақстанға қайтару туралы заң жобасы мақұлданды

Коллаж: ntime.kz

Мәжіліс заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заңда қайтарылған активтерді жинақтау және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құру қарастырылған.

Мәжіліс бұл заңды түзетулерімен бірге екінші оқылымда мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.

Құжатта, сондай-ақ, заңсыз алынған активтерді қайтарудың, оның ішінде оларды мемлекет меншігіне өз еркімен берудің жаңа тәсілдері енгізілген. "Себепсіз байлық", "жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам", "артық кіріс" ұғымдары нақтыланып "әкімшілік-билік ресурстары" деген жаңа ұғым енгізілген.