07 қаз, 2020 сағат 12:53

Маска құнын айтарлықтай арзандату маңызды - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс маскаларының бағасын арзандату шараларын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қорғаныс маскаларына бағаны елеулі сомада төмендетуді қамтамасыз ету маңызды. Олардың құны басқа елдермен салыстырғанда, оның ішінде Ресейге қарағанда бұрынғысынша айтарлықтай жоғары болып тұр. Үкімет масканың шекті бөлшек сауда бағасын 60 теңге шамасында белгілеуді жоспарлап отыр. Маған хабарлағандай, Ресейде оның құны 20-дан 30 теңгеге дейін», - деді Мемлекет басшысы. 

Осы орайда Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағаға қатысты талдау жүргізуді, сондай-ақ зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс заттары бағытында баға саясатының мониторингін қамтамасыз етуді тапсырды.