22 сәу, 2021 сағат 07:08

Марстан алғаш рет оттегі алынды - NASA

NASA мамандары Perseverance бортында орнатылған құрылғы арқылы Марс атмосферасынан тұңғыш рет оттегі алды. Бұл туралы америкалық ғарыш агенттігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған.

Оттегі тәжірибелі MOXIE қондырғысының көмегімен алынды. NASA өкілдерінің айтуынша, бұл әдіс Марста оттегі алуға және сақтауға мүмкіндік береді.

Барлығы 5 грамм оттегі алынған. Бұл бір ғарышкерге шамамен 10 минут тыныстауға жеткілікті екен. MOXIE "сағатына 10 грамм оттегін" алады деген болжам бар.

"Мұндай құрылғылар бір күні ғарышкерлерді дем алуға жарамды ауамен қамтамасыз етуі мүмкін", - дейді ғарыш агенттігінің өкілдері.