ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың мәселенің ішкі мәніне үңілместен сыртқы формасына мән беріп, мешіттерде уағызды орыс тілінде жүргізу туралы ұсынысы жаппай кекесін мен күлкі туғызды. Проблемаға атүсті көзқарасы министрдің бұл орынға кездейсоқ тап болғанын көрсетеді. Дүбәра маманнан білікті министр шығуы екіталай.
Мешіттерде уағызды қазақша емес орыс тілінде айтуды нысаналаған министр енді шіркеулерде священниктер мен поптардың уағызды тек қазақша айтуын ұйымдастырсын! Солар жаппай қазақ тіліне көшкенде біздің имамдар да орысшаға бұрылып, ағылшынша сайрайтын болады.
Масқара болғанда министр енді Құраннан гөрі орысша оқуға жеңіл, сондықтан "Библияға" көшейік деп жүрмесе болғаны?!
Марат Тоқашбаевтың фэйсбуктегі парақшасынан