14 қыр, 2016 сағат 12:39

Марат Тоқашбаев. Қасап орындары қашан реттеледі?

Осыдан бір апта бұрын Алматы қаласының әкімшілігі Құрбан Айт қарсаңында құрбандық шалынатын орындар белгіленілгені туралы хабарлаған болатын. Құрбан айттың үш күнінде оңтүстік астананың өзінде онша бір көп емес, шамамен 55-60 мыңдай қой құрбандыққа шалынады. Алайда әкімшілік хабарлағандай құрбандық орындары сақадай сай болмай шықты.

Мәселен, Талғар бағытында «Думандағы» Құрбан шалынатын орын адам көргісіз. Қан ағызатын орлар екеу-ақ, бірі толып кеткен. Сойылған мал терісін алып жатқан ешкім жоқ, ішек-қарындар ана жерде, мына жерде тау-төбе боп үйіліп жатыр. Төбе шашыңды тікірейтетін антисанитария! Су цистернасын алып кетеміз деп қоқаңдаған кран жүргізушісі.

Медеу аудандық әкімшілігі тарапынан бақылау қойылмаған. Қой союшылар болса қызметі үшін сыпырып қалуға тырысады. Өркениеттік ұмтылыстың ізі де жоқ. Сонда деймін-ау, бір кемшілікті жыл сайын қайталай бермей осыны неге түпкілікті реттеп қоюға болмайды?! Қарапайым нәрсеге жұртты ашындыра берудің не қажеті бар?

Марат Тоқашбаевтың фейсбуктегі жазбасынан