Фото: ОАМ
Денсаулық сақтау министрлігі Бейнеу ауданының Манашы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларының тамақтан улану дерегі бойынша тексеру басталғанын хабарлады.
Оқиғаға байланысты әкімдіктің жанынан штаб құрылып, санитариялық-профилактикалық шара ұйымдастырылды. Мектеп асханасы жабылды.
Ал уланған 9-12 жас аралығындағы балалар дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында 11 оқушы тағамнан улану белгілерімен ауруханаға түскен.