08 там, 2016 сағат 09:39

Малайзия корольдік мұсылмандарына Pokemon Go ойнауға тыйым салды

"Малайзияның рухани билігі корольдік мұсылмандарына атақты Pokemon Go ойынын ойнауға тыйым салды. Бұл туралы елдің Исламдық даму басқармасының басшысы Тан Отман Мустафа мәлімдеді", - деп хабарлады ТАСС.

Мұндай шешімнің қабылдануына бірнеше себеп бар, деді ұйым басшысы. Оның сөзіне қарағанда, бұған «бұрын бұл ойынға рұқсат берген бірқатар мұсылман мемлекеттерінің тәжірибесі» негізгі себептердің бірі болды. Тан Отман Мустафа түсіндіргендей, құбыжықтарды аулауға деген әуес «балалар мен жасөспірімдерге кері әсерін тигізеді, тіпті қайғылы оқиғаларға әкелуі де мүмкін».

Осыған дейін әлемдегі ең көп мұсылмандар тұратын Индонезия билігі оқушыларға Pokemon Go ойнауға тыйым салды.

Pokemon Go - покемон деп аталатын құбыжықтарды тауып, оқытуды көздейтін ойын. Ойынға қосымша шынайылық элементтері енгізілді.  Бұл ойынға әлем бойынша күніне 20 млн. астам пайдаланушы қатысатын көрінеді.  

"Ұлт ақпарат"