11 қаз, 2019 сағат 16:08

Қызыл теңізде ирандық танкерде жарылыс болды

Жұма күні таңертең Қызыл теңізде Сауд Арабиясының Джидда кемежайына жақын аумақта тұрған ирандық танкерде жарылыс болды, деп хабарлайды ISNA агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, танкер Иранның Ұлттық мұнай компаниясына тиесілі. Жарылыс салдарынан екі мұнай резервуарына зақым келіп, мұнай Қызыл теңізге түскен.

Ирандық танкер экипажының мүшелерінен ешкім зардап шеккен жоқ.

Экипаж жағдайды өз бақылауына алды.