Қазақстандағы Қытайдың бас консулы Чжан Вэй қазақстандық азаматтарға виза беруді тоқтатуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірнеше адамға арналған топтық визалар әдеттегі тәртіп бойынша беріліп жатыр. "Бұл мәселемен осыған дейін де айналысқанбыз. Бұл біздің құзыретімізде емес. Мұның Қазақстанға қатысы жоқ. Осыған байланысты көп сұрақ қойылды. Бұрын түсініспеушіліктер болған еді. Қазір барлығы бұл жайлы біледі, ешқандай түсініспеушілік жоқ, мәселе шешілді. Бұл Сыртқы істер министрлігіндегілердің орталық аппараттың тапсырысымен шамамен 10 елдегі визалық саясатты реттеуге бағытталған жұмыстары", - деді Бас консул.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы СІМ өкілдерінің осы жағдайға байланысты түсінік бергенін де айтты. Алайда Tengrinews.kz тілшісінің жеке визаларды қашаннан бастап қайта берілетіні жайлы сұраққа шенеунік жауап бере алмады. "Білмеймін. Бұл біздің құзыретімізде емес", - деді ол. Айта кетейік, осыған дейін Қытайдын қазақстандық азаматтарға жеке визаларды беруді тоқтатқаны жайлы хабарланған болатын.