11 қаң, 2021 сағат 19:15

Қытай СІМ: Қазақстанды Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтаймыз

Қазақстанда 10 қаңтар күні Парламенттің төменгі палатасы депутаттарының сайлауы сәтті өтті.

Осыған байланысты Қытай тарапы Қазақстанды құттықтайды және әдеттегідей екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Дүйсенбі күні ҚХР СІМ өкілі Чжао Лицзян осындай мәлімдеме жасады. 

«10 қаңтар күні Парламенттің төменгі палата депутаттарының сайлауы сәтті өтті. Қытай Қазақстанды құттықтайды», - деді ҚХР СІМ-нің өкілі. 

«Қазақстан ұлттық даму мен құрылыс саласында биік межелерді бағындыратынына сенімдіміз», - деп қосты дипломат. 

Чжао Лицзянның сөзінше, Қазақстан мен Қытай - тату көрші, түрлі салалар бойынша стратегиялық әріптес. 

«Қытай Қазақстанмен бірлесіп, екіжақты қарым-қатынастарды үздіксіз дамыту ісіне үлес қосуға дайын», - деді ол