01 жел, 2025 сағат 16:38

Қытай азаматтары Қазақстаннан бір топ баланы заңсыз алып өтпек болған


Фото: pixabay

11 қараша күні Алматы әуежайында Қытайдың екі отбасы шекарадан өтер сәтте ұсталды. Олардың жанында Қазақстанда суррогат ана арқылы дүниеге келген бірнеше сәби болған, деп хабарлайды Ult.kz Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Жолаушылардан балаларға қатысты құжаттар табылғанымен, шекарадан өткізуге рұқсат берілмеді. Арнайы тексерістен кейін шетелдіктер құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Алматы полициясы бұл деректі растады. Қазір ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмағандарды саудалау») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында сәбилерді шетелге шығарудың заңдылығы, суррогаттық аналық процесінің қаншалықты заңды өткендігі анықталатын болады.