19 жел, 2016 сағат 10:54

Қытай 5 млн долларға көзге көрінбейтін көпір тұрғызбақ

Аспан асты елінің оңтүстік-шығысындағы Хунань провинциясында орналасқан Чжанцзяцзе Ұлттық паркінде көзге мүлдем дерлік көрінбейтін көпір салу жоспарлануда. Бұл туралы The Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Оның конструкциясы тот баспайтын айналы темірден және шыныдан тұрғызылады. Сәулетшілердің идеясына сәйкес, көпір екі деңгейден тұратын болады: оның үстіңгісінде аяқ астындағы төсеніштер көзге көрінетін болса, астыңғы деңгейде олар мүлдем көрінбейді. Көпірдің құрылысына 5 млн.долларға жуық қаржы жұмсалмақ. Туристер сондай-ақ тауларда орналасқан үш павильонның бірінде түнеп шыға алады. Олардан айналаны 360 градуста тамашалау мүмкіндігі бар. Көпірдің жанына дәмхана да салу көзделген.

"Түркістан"