Қырғызстанның Скрябин мұздығында тас көшкінінен қаза тапқан қазақстандық пен басқа да туристер эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құтқару қызметінің тікұшағы зардап шеккендердің барлығын құтқарып, Бішкек қаласындағы «Манас» әуежайына жеткізген.
Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер таудан құлаған тас көшкініне тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиға кезінде қазақстандықтың мерт болғанын растады.
Бүгін Қырғызстанға ҚР ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тікұшақпен туристерге көмекке аттанған болатын.