07 қаз, 2020 сағат 09:10

Квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтер институты енгізілуде – Олжас Бектенов

Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызметтер институты енгізілуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілуде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Оның атап өтуінше, комплаенс – батыс елдерден келген ұғым. 

«Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып табылады», - деді Олжас Бектенов.