16 қаң, 2025 сағат 11:37

Квадроберге шариғат бойынша тыйым салынды

фото: youngspace.ru

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Ғұламалар кеңесі квадробер субмәдениетіне қатысты шариғи үкім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Кеңестің мәлімдеуінше, адам баласының өзін жануарға еліктетіп, сол деңгейге түсіруі адамға тән қадір-қасиеттің төмендеуі әрі өзін қорлау болып саналады.

«Адамның жануарға еліктеуіне шариғатта жол берілмейді. Шариғат тіпті ер адамның әйелге, әйелдің ер адамға еліктеуін де қатаң тыйым салады», – делінген хабарламада.

Ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша:

Квадроберге шариғатта қатаң тыйым салынады.

Квадробика – жануарлардың қимыл-қозғалысын қайталауды мақсат ететін субмәдениет. Шариғат тұрғысынан мұндай әрекеттер адамның абыройын төмендетеді және исламның адамға тән қадір-қасиетті сақтау ұстанымына қайшы келеді.