Фото: REUTERS
Құрықта оқ тиген 21 жастағы науқас жансақтау бөлімінен нейрохирургия және инсульт бөлімшесіне ауыстырылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың мәліметінше, науқастың жағдайы - бірқалыпты. Қазір тұрақты емін қабылдап жатыр. Дәрігерлердің бақылауында.
Еске салайық, науқас өте ауыр жағдайда, сол жақ бет аймағының атылған жарақаты, төменгі жақ сүйегінің ашық сынығы, мұрын, ауыз қуысында, көз аймағының артқы жағында пытыралардың, оқ дәрілердің болуы диагнозымен облыстық көпбейінді ауруханаға санитарлық авиациямен жеткізілген. Осы уақытқа дейін ол жансақтау бөлімінде ем қабылдаған.