24 нау, 2024 сағат 13:55

"Крокус сити холл" иесі алғаш рет терактіге қатысты пікір білдірді

РБК кадры


"Крокус сити холл" қожайыны Араз Агаларов алғаш рет концерт залында болған терактіге қатысты пікір білдірді. РБК телеарансына берген қысқаша сұхбатында кәсіпкер оқиғаны "жантүршігерлік трагедия" деп атады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»  Tengrinews.kzке сілтеме жасап.


"Жантүршігерлік қайғылы оқиға болды және кейінгі 20 жылда мұндай ештеңе болмағаны айтылды", - деді ұлы Эминмен бірге лаңкестік әрекет болған жерге келген Агаларов.


Агаларов оқиғаны жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсіндіруге келмейді деп атады және лаңкестік әрекет құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.