28 мам, 2021 сағат 12:52

ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды



Айбек Дәдебаев Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Айбек Дәдебаев Парламент Сенаты төрағасы хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеген, сондай-ақ Президент кеңсесі бастығының орынбасары қызметін атқарған.