
Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға азаматтарды отандық және импорттық сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Берік Уәлидің жазуынша, Мемлекет басшысы бұл тапсырманы коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңес барысында айтқан.
