18 қаң, 2022 сағат 10:35

Ковид стационарларында ем алатын науқастардың саны 2,2 есе артты - ДСМ


Елімізде соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауыру 19,6 есе артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзін дүрбелеңге салған короновирустың омикрон түрі еліміздің эпидемиологиялық жағдайын ушықтырды. Қазақстанда омикрон түрі тез таралып, бүгінгі күні Түркістан облысын қоспағанда еліміз бен өңірлер қызыл аймаққа ауысты. Елдегі эпидемиологиялық көрсеткіш короновирустың омикрон түрінің таралуын растап отыр», - деді министр. 

Мәселен, оның дерегінше, соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауыру 19,6 есе, репродуктивтік сан 2,1 есе өсті.

COVID-19-ға тестілеудің тәуліктік көлемі 3,5 есе ұлғайды және тәулігіне 50 мың тест жасалуда.

«Сонымен қатар, ауру көбейсе де, соңғы айда өлім-жітім аз, 2,3 есе төмендеді. Ковидтік стационарларда ем алатын пациенттердің саны 2,2 есеге, амбулаториялық деңгейде аурулардың саны 5 есеге артты», - деді Ажар Ғиният.