31 қаң, 2024 сағат 11:11

Қостанайда такси жүргізушісін айыптап, шу шығарған видеодағы қыз қалай жазаланды?

видео кадры

Қостанай облысының Полиция департаменті такси жүргізушісін тиісті деп айыптап, шу шығарған қыздың қандай жазаға тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Полицейлер қыздың арнайы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылғанын хабарлады. Бұл құқықбұзушылық үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл сомасы 110 760 теңге болады.

Видео кейіпкері өзінің суреті тарап кетуіне байланысты полицияға арыз жазған, мәселе азаматтық-құқықтық салада қаралатыны айтылды.

Еске салайық, 2023 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай полициясына тұрғын хабарласып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал туындағанын жеткізген. Видео бұған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Жүргізушінің айтуынша, қыз полицияға "мас болғанын" айтып беремін деп қорқытқан. Содан кейін жүргізуші оқиғаны видеоға түсіріп алған.