19 қаз, 2020 сағат 09:55

Қорғаныс министрінің орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне; 

Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.