Фото: ІІМ
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде танымал болу үшін табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру фактілері жиілеп кеткен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қорықтар, ұлттық парктер, тарихи ескерткіштер мен табиғи нысандар – елдің ұлттық мұрасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға жазу жазу, ескерткіштерді бүлдіру немесе кез келген мәдени әрі табиғи объектіге зиян келтіру – заңмен қудаланатын әрекет.
ІІМ мұндай құқықбұзушылықтар үшін қатаң жаза қарастырылғанын еске салды. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 294-бабы – «Вандализм» бойынша кінәлілерге 100-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. 2026 жылғы есеп бойынша бұл 432 500 теңгеден 8 650 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Сонымен қатар, құқық бұзушылар қоғамдық жұмыстарға тартылып, 50 тәулікке дейін қамауға алынуы немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Министрлік вандализм деректеріне заң аясында қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.
