ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыра отырып, Қазақстанымызды одан әрі дамытудың негізгі мақсаттарын белгілеп берді. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр. Сол үшін сессия барысында, біз, өз уақытында, халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдайтын боламыз», - деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.
Мәжіліс спикері осы жауапты міндетті абыроймен атқару үшін белсене іске кірісу қажеттігін еске салды.
«Әсіресе, экономиканы жаңғыртуға әлеуметтік ахуалды күшейтуге, бюджет және салық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, шағын және орта бизнесті қолдауға, экологиялық мәселелерге басқа да сұрақтарға ерекше көңіл бөлінеді», - деді Н. Нығматулин.