29 там, 2019 сағат 18:48

«Халық қызметшісі» партиясының басшысы Жоғарғы Раданың төрағасы болды

Халық депутаты, «Халық қызметшісі» партиясының басшысы Дмитрий Разумков Жоғарғы Раданың Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Укринформ.

Бұл шешімді 382 халық депутаты қолдады.

Сайлау сессиялық залда ашық процедура негізінде өтті.