11 там, 2023 сағат 17:38

Kcell ұялы байланыс операторы «Қазақтелеком» құрамынан шығуы мүмкін

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов «Қазақтелеком» құрамынан қай ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Қазір «Қазақтелеком» компаниясының құрамында екі ұялы (Kcell/Аctiv және «Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)») байланыс операторы бар. Олардың біреуін «Қазақтелеком» құрамынан шығару ескерілген. Менің білуімше, Kcell-ді шығару бойынша инвесторлармен келіссөз жасалып жатыр», - деді Ержан Мейрамов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол нақты қай инвестор келетінін жариялай алмайтынын жеткізді.