Фото: sknews.kz
"Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасова тарифтердің көтерілуі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Бізде 200-ден аса қызмет түрі бар, негізгі қызметтерімізді қарап шықтық. Тарифтеріміз Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісілген, биыл бірте-бірте көтеріле бастады. Егер қолдаса, келесі жылдан бастап тарифтерді сәл көтереміз", - деді Жанасова Астанада өткен бауырлас қалалар форумы кулуарында журналистер сауалына жауап беріп.
видео: Tengrinews.kz