06 ақп, 2025 сағат 02:01

Қазгидромет қарғын суға дайын ба?

Коллаж: Ult.kz
Биылғы көктемде өңірлерге қызыл судың қаупі қанша? Қазгидрометтің бүгінгі жағдайы қандай? Мекемеге қарата айтылатын сын мен сұрақтарға қандай уәж бар?  Ult.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Дарын Тұяқовпен сұхбаттасты. 

4 ақпанда экологиялық мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының таныстырылымы өтті. Заң жобасында Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жұмысының тиімділігін арттыру және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту мәселелері де көтерілді.

Отырыстан кейін жиынға қатысқан Дарын Тұяқовты сөзге тартып, әуелі жаңа заң жобасы туралы сұрадық. Оның айтуынша   Республиканың Ұлттық гидрометеорология қызметі тек мемлекеттің есебінен қаржыландырылады, сондықтан заң жобасы бұл сала үшін өте маңызды.

Қазгидрометті заманауи құрылғылармен жабдықтау мәселесі өзекті болып тұр. Негізінен аталған заңның өзгерісінде  Кәсіпкерлік кодексі бойынша ғылыми жұмыспен және дамудың технологиялық байланыс қызметтерімен  айналысуға рұқсат етілген. Бұл заңнамада қарама қайшылық түзетіліп, екі кодекске өзгеріс енгізіліп, сәйкестендіріледі. Осылайша Қазгидрометтің 349 бақылау бекетінен тұратын бақылаушы жүйені пайдалануға мүмкіндігі туады. Осы құрылғыларды пайдаланып сараптама жасауға, ортақ мақсатқа жатпайтын салалық экономикаға қосымша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда бұрын бекітіліп қойған қалған барлық қызмет тұрғындарға тегін болып қала бермек.

 Ғылыми-технологиялық жобалар экономикаға өте қажет. Себебі жалпы әлемде әр түрлі салалар климаттық өзгерістер мен катаклизмдерге тәуелді. Ал Қазақстан орталықта орналасқан, 2 млн.700 мың шаршы метр көлемі бар, 85 мың өзен, 49 мың ірілі-ұсақты көлі бар үлкен мемлекет. 

Салыстырып қарасақ, Ресейдегі  Росгидрометте 30 мың қызметкердің 133-і ғылым докторы, қателеспесем 537 ғылым кандидаты бар. 

Гидрологияны, агрометерологияны зерттеу, экологиялық мониторинг пен метеорология қосымша білімді қажет етеді. Және осы бағытта әрине Қазгидромет ары қарай дамуы, жетілуі және жабдықталуы қажет.

Қазгидрометті дамыту үшін не істеу керек?

Бар жүйені қажетті құрылғылармен жабдықтаған дұрыс.  Технология жылдам дамып жатқанын түсініп отырсыздар. Олар үнемі жетіліп, өзгеріп жатыр. Сондықтан деректерді жинау үшін экологиялық мониторинг пен радиациялық бақылау бойынша түрлі құрылғылар қоюды қажет етеді. Сонымен қатар үлкен көлемдегі деректерді өңдеу керек.

Жүйені құрылғылармен жабдықтау керек дедіңіз ғой, Қазгидромет құрылғылармен қаншалықты жабдықталған?

2022 жылы Қазгидрометке 100 жыл толды. Әрине құрылғылар әр жылы шыққан. Совет кезінен қалған құрылғылар да, заманауи жабдықтар да бар. Бірақ мәселе шығын материалдары өте көп болғанында болып отыр.

Толыққанды мәлімет алу үшін күнделікті 25 км биіктікке орналастыратын зонттар әр түрлі ақпарат береді. 2023 жылы министрдің бұйрығымен бекеттердің саны минимум 500 болуы керек болған. Қазіргі уақытта 349 бекет бар. Біріншіден - ол бекеттерді толық жабдықтау керек, екіншіден - територияны толық қамту үшін бекеттердің санын арттыру қажет. Әрине мұның бәрі қажетті ресурстарды талап етеді. Сондықтан осы түзетулерден кейін Қазгидрометте ғылыми жұмыспен айналысуға, ғылыми жобалардың арқасында қосымша қаражат табуға мүмкіндік туады да, бекеттерді жабдықтауымыз мүмкін.

– «Қазгидромет құрылғылармен Қазақстан териториясын толық қамтып отырған жоқ» деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? 

Біздегі бар бекеттер қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Мен тек жабдықтауға дейін қосымша құрылғылар қажет екенін айтып отырмын. Қазіргі кезде өздігінен судың деңгейін, температурасын, жылдамдығын жазатын түрлі датчиктер бар. Олар адамның қатысынсыз өздігінен жұмыс істей алады. Әрине бақылаушылар, техниктер сияқты мамандар өздері барып, өлшем алып, күнделікті жұмыс атқарып жатады. Біз жабдықтарды неғұрлым автоматтандырып, цифрландырған сайын түрлі қызметтердің ақпарат алу жылдамдығы мен шешім қабылдау, әрекет ету жылдамдығы да артады.

– Қазгидрометтің қызметіне адамдар көңілі толмаған жағдайлар болған. «Ақпарат нақты емес, дұрыс емес, кешігеді» деп шағымданған кездер болды. Бұл неге байланысты?

– Нақты мысал келтіре аласыз ба? Әйтпесе әр түрлі нәрсе айтуға болады.

– Мысалы былтыр су тасқыны кезінде осындай шағымдар естідік.

– Біріншіден ол «паводки» емес, «половодье» (сұхбат орыс тілінде өтті. ред). Бұл екенуі екі бөлек мағынадағы сөздер. Половодье – кенеттен қар ерігенде болатын құбылыс. «Көктемнің достығы» деген түсінік бар. Ол – бір мезетте қар да еріп, жаңбыр да жауып, жер бетіндегі қатқақ еріп үлгермей көп су пайда болуын айтады. Еуропада жаңбыр көп жауса, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда қар көп жауады. «Көктемнің достығы» кезінде мұндайды болжау 100 жылда бір болатын шығар. Бұл жылдам әрекет етуді ғана талап ететін жағдай. Қазіргі уақытта Қазгидрометте математикалық  тәртіпте есеп жасайтын математикалық модель құрастырылды. Ол модельдеу мен болжам жасау үшін қажет. 

Төрт күн бұрын бізде көктемгі су тасқыны бойынша болжам жасалды. Яғни алдын ала қандай өзендерде су деңгейі қандай екені анықталып, қауіп-қатер болжамын жасадық.  Бұл дегеніміз ғылыми зерттеу мен сараптамамен танысу бізге қазір еш қаражатсыз,  мамандарымыздың энтузиязмының көмегімен болжам жасауға мүмкіндік береді. Былтыр көктемде болған жағдай біз үшін де үлкен сабақ. «Көктемнің достығы» бізде ғана емес, Ресейде де осындай жағдай болды.

Иә, сіздер таратқан болжаммен таныстым. Оннан аса өңірде су тасқыны болу қаупі жоғары екен. Биыл жағдай қалай болады?

Қарасаңыз инстаграмда, барлық жерде карта берілген. Ол жерде  қаупі жоғары өңірлер, қаупі төмен өңірлер деп көрсетілген. Қаупі төмен өңірлерге оңтүстік аймақтар жатады, ал жоғары қаупі бар өңірлер олар – солтүстік облыстар. Ондай тәуекел бар әрине. Бірақ жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Күнделікті ақпарат барлық жақтан түсіп отыр. Бақылаушы гидрология өлшеуге барғанда оның қарындашпен толтыратын кестесі болады. Неге қарындашпен толтырады? Себебі қаламмен жазған жазу су тисе жайылып кетеді, ал қарындашпен жазылған жазу су тигенде өшпейді. Мұның бәрі тәжірибемен келеді. Сол сияқты біздің мамандар әр бекетке барып, су деңгейін өлшеп, бақылап, деректерін орталыққа жіберіп отыр. Бізде мұнда ол деректердің барлығы өңделіп, болжам жасалады. 


Сұхбаттасқан: Балжан Жеңісқызы


Оқи отырыңыз: Қазақстанда су басу қауіпі жоғары аймақтар аталды