Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов
Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Қаулы Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы.
Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағында КВИ-дің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан:
- Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық деңгейде білдіру мақсатында шетелге шығатын адамдарға;
- "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде;
- шетелдік оқу орындарына өз бетінше түскен және үкіметаралық келісімдер немесе академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын студенттерге және Work and travel бағдарламасы бойынша кетуді жоспарлаған студенттерге және олардың отбасы мүшелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде шетелде емдеуге жіберілетін пациенттерге, сондай-ақ оларды емдеу үшін алып жүретін адамдарға жүргізуге жол беріледі.
Бұл ретте, КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын осы алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық екпелердің курсын қайта жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана қайта жүргізуге жол беріледі.
Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын қайталау арасындағы аралық кем дегенде 90 күн ұсынылады.
"Спутник Лайт" вакцинасын қолдана отырып коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу:
"Спутник Лайт" вакцинасы – SARS-CoV-2 вирусы тудыратын КВИ-дің профилактикасына арналған векторлық вакцина. Вакцина КВИ-ға қарсы ревакцинациялау үшін қолданылады. Вакцина тек бұлшықет ішіне енгізуге ғана арналған. Препаратты вена ішіне енгізуге қатаң тыйым салынады.
Вакцинаны дельта тәрізді бұлшықетке (иықтың сыртқы бетінің жоғарғы үштен бір бөлігі) енгізу ұсынылады. Дельта тәрізді бұлшықетке енгізу мүмкін болмағанда препаратты санның латеральді ауқымды бұлшықетіне енгізеді. Вакцинаны шығару нысаны нұсқаулықта келтірілген.
Вакциналауға қарсы көрсетілімдер:
- вакцинаның қандай да бір компонентіне немесе құрамында соған ұқсас компоненттер бар вакцинаға аса жоғары сезімталдық;
- анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар (Квинке ісігі немесе анафилактикалық шок);
- жүктілік және емізу кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі жас (тиімділік және қауіпсіздік туралы деректердің болмауына байланысты).
Препаратты:
- бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары;
- эндокриндік аурулар (қалқанша без функциясының айқын бұзылуында және декомпенсация сатысындағы қант диабетінде);
- қан түзу жүйесінің ауыр аурулары;
- эпилепсия және ОЖЖ басқа да аурулары, жіті коронарлық синдром және ми қан айналымының жіті бұзылуы, миокардит, эндокардит, перикардит;
- аутоиммунды аурулар (иммундық жүйені стимуляциялау аурудың асқынуына әкелуі мүмкін, әсіресе ауыр және өмірге қауіпті жағдайлардың дамуына бейім аутоиммунды патологиясы бар пациенттерге сақтықпен қарау керек);
- қатерлі ісіктер кезінде сақтықпен қолдану керек.
Жиі және өте жиі қысқа мерзімдік жалпы (қалтыраумен, дене температурасының жоғарылауымен, артралгиямен, миалгиямен, астениямен, жалпы дімкәстікпен, бас ауырумен сипатталатын, ұзаққа созылмайтын тұмау тәрізді синдром) және жергілікті (инъекция жасалған жердің ауыруы, гиперемия, ісіну) реакциялар дамуы мүмкін. Вакцинациядан кейін температура жоғарылаған кезде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) және жергілікті реакция айқын болғанда антигистаминді дәрілерді тағайындау ұсынылады.
Төменде келтірілген жағымсыз құбылыстар организмнің жүйелері бойынша және кездесу жиілігіне сәйкес санамаланған. Кездесу жиілігі былай анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және < /10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1000), өте сирек (<1/10000, жекелеген жағдайларды қоса алғанда). Жиілік санаттары препаратты клиникалық зерттеулер негізінде қалыптастырылған.
Жиі жүректің айнуы, диспепсия, тәбеттің төмендеуі, өте сирек аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Кейбір пациенттерде аллергиялық реакциялардың дамуы, қан сарысуында бауыр трансаминазалары, креатинин және креатинфосфокиназа деңгейлерінің қысқа мерзімдік жоғарылауы мүмкін.
"Спутник-Лайт" препаратының қауіпсіздігіне, адамның көтере алуына және иммуногенділігіне жүргізілген клиникалық зерттеулер шеңберінде вакцинациядан кейін мынадай жағымсыз құбылыстар тіркелді:
- өте жиі және жиі – жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар (гипертермия, вакцинация жасаған жердің ауыруы, ісінуі, қышуы, астения, ауыру, дімкәстік, пирексия, вакцинация жасалған жерде тері температурасының жоғарылауы, тәбеттің төмендеуі);
- жиі – тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек қуысы тарапынан бұзылулар (ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, ринорея), жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (бас ауыруы, астения), асқазан-ішек бұзылулары (жүрек айнуы, құсу, диспепсия);
- сирек – бас айналуы, естен тану".