Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин алтыннан алқа тақты.
21 жастағы қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 2:07,46 минутта жүзіп өтіп, сенсация жасады.
Бұл сында күміс жүлде америкалық Джош Преноға (2.07,53 минут), қола медаль ресейлік Антон Чупковқа (2:07,70 минут) бұйырды.
Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 11-орынға көтерілді. Ел құрамасының еншісінде 2 алтын 2 күміс 3 қола медаль бар.
Ұлт порталы